Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсарға» жаңа бапкер тағайындалды

«Қайсарға» жаңа бапкер тағайындалды

Қызылордалық «Қайсарды» енді 64 жастағы білікті бапкер Владимир Никитенко баптайды. Тәжірибелі жаттықтырушы бұған дейін де команданың жаттықтырушысы болған.
2008 жылы тізгінді ұстап, ел біріншілігінде табысты нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2012 жылы «Қайсарға» қайта оралып, премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлес қосты. Владимир Никитенко еліміздегі ең нәтижелі, жетістіктері мол бапкерлердің санатында.
Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бірнеше мәрте Қазақстан кубогын еншілеген, екі мәрте Қазақстан суперкубогын жеңіп алса, бірнеше рет ел чемпионатының жүлдегері атанған. Сондай-ақ Ресей федерациясы кубогының иегері.
Бапкерлік еңбегі жолында 40-тан аса спорт шеберін, 30-дан аса футболшыны Ұлттық құрама сапына даярлады.

kyzylorda-news.kz
09 маусым 2021 ж. 338 0