Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді

Қуат Хамитов қарсыласын бірінші раундта жеңді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінің хедлайнері болды, деп жазды Sports.kz. 

Оның қарсыласы украиндық файтер Роман Головинов (10-4) болатын. 
Хамитов оны негізгі жекпе-жектің бірінші раундында буындырып тастады. 
Осылайша Қуат Хамтиов ММА-дағы кәсіби карьерасында 23-жеңісіне қол жеткізіп, MFC промоушнының чемпиондық белдігін иеленді. 
Оның қарсыласы Роман Головинов болса, спорттағы жолында бесінші мәрте жеңілді.  
Бұл — Қуаттың 2021 жылғы екінші жекпе-жегі екінін атап өткен жөн. Біріншісі жекпе-жек қаңтар айында өтіп, Хамитов ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокутқа түсірген еді.

baq.kz
20 маусым 2021 ж. 408 0