Республикалық турнир өз мәресіне жетті

Жоғары деңгейде өткен жарыста өз бақтарын шаршы алаңда барлық салмақта келешегі бар топ жас жеңімпаз боксшыларды байқадық. Айтар болсақ, бес күнге созылған жарыс нәтижесінде 44 кг салмақ дәрежесі бойынша І орын №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі 46 кг салмақ дәрежесі бойынша қатысқан Жалғасбай Тоқтарбай еншілесе, 48 кг салмақ дәрежесі бойынша І орын №20 Арал ауданының БЖС мектебінен қатысқан Нұрлыбекұлы Нұрдәулетұлына бұйырды.
Сондай-ақ, №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінен қатысқан 63 кг салмақ дәрежесі бойынша Аян Махмутов пен 80 кг Нұржаубай Әлішер салмақ дәрежесі бойынша І орынды иеленіп, жеңімпаз.
Иә, қазақ боксы қашанда әлемдік аренада жоғары беделге ие. Қайсар мінезді жасөспірім жігіттер шаршы алаңда өздерінің шеберлігінің жоғары екенін мойындатты. Жастардың да бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары екендігіне осындай үлгі тұтарлықтай жеңімпаздардың жетістіктерінің өзі дәлел.
Жарысқа қатысушылар турнирден жақсы әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Арал ауданы әкімдігінің дипломдарымен, арнайы жасалынған медальдарымен және шәкірттерінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.


Күнзипа ӨТЕПБЕРГЕН