Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

«Мен рингке өзім және фанаттарым үшін шығамын. Жақында көрісеміз», деп жазды GGG Twitter парақшасында.
Бірнеше сағаттың ішінде Головкиннің жазбасына жүздеген адам ретвит жасаған. Ал пікір жазғандар GGG-дің алдымен Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалайтынын жеткізді. Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге кеңес бергендер де бар.
Айта кетейік, желтоқсан айында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Ал Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн GGG-дің қыркүйекте тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтқан.