Қамшыбек Қоңқабаев: Өз мүмкіндігімді толық көрсете алмадым

«Жекпе-жекте ойымдағы әдістерді жүз пайыз орындай алмадым. Бірінші кездесу болғандықтан, қобалжу да болды. Жеңіс үшін бар күш-жігерімді салдым. Қарсыласым да осал емес, мықты әрі бойшаң. Кейбір әдісім жақсы шықса, енді бірі өтпей қалды. Сол үшін әр кездесуге дайын болу керек», – деді Қоңқабаев.
Айтуынша, келесі қарсыласы да осал емес.
«Ресейлік боксшымен спаррингтік кездесулер өткіздім. Жарыс кезінде бәрі де басқаша болатыны анық. Көпшілігі мені Өзбекстан намысын қорғайтын Бахадор Жалоловпен кездестіруге асық. Бірақ мен үшін әрбір қарсылас мықты. Себебі бұл – Олимпиада. Кеше біраз жігіттің жарысты аяқтағаны да жанымызға батып, көңіл күйімді түсірді. Десе де, елімізді қуантуға дайынбыз, бар күшімізді саламыз», – деді Қамшыбек.