Әбілхан Аманқұл бүгін бразилиялық боксшымен кездеседі

Қазақстандық боксшының қарсыласы осал емес. Эберт Соуза 1998 жылы дүниеге келген. Бүгінге дейін 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, сол жылы Панамерикан ойындарында күміс медальға қол жеткізді.
Ал Әбілхан Аманқұл 1997 жылы дүниеге келген. 2017 жылы әлем чемпионатында күміс, Азия чемпионатында қола жүлдегер болды. 2018 жылы Азия ойындарында екінші орын алды.
Қос боксшының жекпе-жегі сағат 15:18-де өтеді деп белгіленген.
kyzylorda-news.kz