Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты

Біріншілік барысында әзірге көш соңында келе жатқан қызылордалық клуб кубок ойындарында тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бірде-бір кездесуде жеңілген жоқ. Сол сәттілік сериясы бүгін де оларға серік болды.
Кездесу тағдырын 46-минутта қызылордалық клуб шабуылшысы Каролис Лаукжемис соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Қайсар» қарсыласын 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде өз тобында сегіз ұпаймен көш басында шықты.
Сондай – ақ, бүгін Алматының «Қайраты» сырт алаңда Түркістанның «Тұран» клубынан 3:4 есебімен жеңілсе, 30 шілдеде «Тараз» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Енді 1 тамызда «Мақтарал» мен «Тобыл», «Ордабасы» мен «Қызылжар», СДЮСШОР № 8 бен «Шахтер», «Ақжайық» пен «Астана» командалары кездеседі.
syrboyi.kz