Футбол: «Астана» «Қайсардан» басым түсті

Ойынның 25-минутында елордалық Марин Томасов есеп ашса, оған 31-минутта қызылордалық Максим Федин бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде Пиерос Сотириу екі мәрте мергендігімен көзге түсті. Алдымен 61-минутта гол соқса, 73-минутта есепті үстемелей түсті. Осылайша «Астана» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бүгінгі жеңісінен кейін елордалық клуб 27 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Аталған турда бүгін тағы төрт ойын өткізіледі. Қазір бірінші кезеңнен кейін «Қызылжар» мен «Ордабасы» 0:0 есебімен тең түсіп жатса, «Тараз» «Каспийден» 0:1 есебімен жеңіліп жатыр. Ал «Шахтер» мен «Жетісу», «Оқжетпес» пен «Тобыл» арасындағы ойындар елорда уақытымен 18:00-де басталады.
inform.kz