Олимпиада жүлдегері сыйақысын мұқтаждарға жұмсайтынын мәлімдеді

Ол қолдау білдірген қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.
«Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, мәдениет және спорт министрлігі Нұрислам Санаевқа қола жүлдесі үшін 31 миллион теңгенің сертификатын табыстаған.

kyzylorda-news.kz