Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордалық спортшы Бекжан Төлепов әлем чемпионы атанды

Қызылордалық спортшы Бекжан Төлепов әлем чемпионы атанды

Румынияда өткен ересектер арасында қазақ күресіне қатысушы Бекжан Төлепов туған жеріне оралды.
Жерлестері спортшыны салтанатты түрде қарсы алды.
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қазақ күресінен әлем чемпионы Бекжан Төлеповты жеңісімен құттықтап, спорт бәсекесінде ел намысын, Сырдың абыройын биікке көтергеніне алғыс білдірді.
Өз кезегінде Бекжан Төлепов те жерлестеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.

kyzylorda-news.kz
16 қыркүйек 2021 ж. 573 0