Қазалыда халықаралық турнир өтеді

2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байрақты бәсекеге грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпиондары, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысады.
Турнирдің бас төрешісі Халықаралық дәрежедегі төреші – Райымбек Ғабиден.
Турнирде жеңімпаз және жүлдегер болған спортшылар грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды.
Одан бөлек, арнайы дипломдармен және медальдарьмен, жарыс демеушілерінің қомақты қаржылай сыйлықтарымен марапатталады.
22 қазан, сағат 16.00-де – турнирдің ашылу салтанаты
22-23 қазан күндері – спортшылардың белдесуі
24 қазан – Турнирдің жабылу салтанаты, марапаттау рәсімі
Өтетін орны: Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі.
kyzylorda-news.kz