Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аида – әлем чемпионы!

Аида – әлем чемпионы!

Грекияның Салоники қа­ласында самбодан жастар және жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының мүшесі Аида Тойшыбекова толайым табысқа қол жеткізді.

Отызға жуық елдің балуандары күш сынасқан дүниежүзілік додада Қарағандының балуан қызы 80 кило салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, алтын медальға ие болды.

Жартылай финалда ол украи­налық самбошыны тізе бүктірді. Ал ал­тын жүлде үшін болған белдесуде Ресейдің мықты балуанын айқын басымдылықпен жеңген.

Аида Тойшыбекова Қара­ғандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв­тің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде оқи­­ды. Ол бапкер Қайрат Аб­дул­лаев­тың қарамағында жаттығады.

Аталған әлем чемпионатында Қарағанды облы­сының тағы бір жас спортшысы Алдияр Қар­ғұлов 53 кило салмақ дәре­жесінде қола жүлдегер атанды. Ал жалпыкомандалық есепте Қазақ­станның жастар құрама командасы ұлдар және қыздар арасында Ресей мен Өзбекстан самбошыларын алға жіберіп, жүл­делі үшінші орынға табан тіреді.

egemen.kz
25 қазан 2021 ж. 1 469 0