Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылық «Қайрат» Қазақстан кубогын жеңіп алды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан кубогын жеңіп алды

Алматылық клуб бұл жетістікке оныншы мәрте жетіп отыр. Сөйтіп өзінің бұрынғы рекордын қайта жаңғыртты. Финалдық сын елордада өтті және бас жүлдені «Қайрат» пен «Шахтер» сарапқа салған.  Негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяқталды. Алматылық клуб сапынан Вагнер Лав бірінші кезеңде қос гол соқты. Ал екінші кезеңде «Шахтер» сапындағы Михаил Габышев пен Мартин Тошев мергендігімен көзге түсті. Қортынды есеп: 2:2. Қосымша уақытта қос тарап тағы бір-бір голдан соқты. Бірақ бұл жолы, керісінше, алдымен қарағандылық клуб өкілі Айдос Тәттібаев өз командасын алға шығарған. 110 минутта Артур Шушеначев есепті теңестірді. Ал матч соңындағы пенальти сериясында алматылықтардың жолы болды. Осылайша «Қайрат» кезекті рет кубоктың иегері атанды және алдағы жылы конференциялар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бұндай құрмет «Астана» және «Қызылжар» командаларына да бұйырды. Ал,ел чемионатында топ жарған  «Тобыл» чемпиондар лигасына қатысады.
БЕЛДЕСУДЕ БИІКТЕН КӨРІНГЕНДЕР
Ғалымжан Қырықбай халықаралық турнирде топ жарды. Түркістанда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған халықаралық жарыс аяқталды. Нәтижесінде түйе палуандар арасында жамбылдық Ғалымжан Қырықбай қарсылас шақ келтірмей, бас жүлде темір тұлпарды иемденді. Екінші орын шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаровқа бұйырса, қызылордалық Мақсат Исағабылов үздік үштікті түйіндеді. Салмақтар бойынша 74 келіде шымкенттік Жұмажан Қожамбеков, 82 келіде жергілікті Дидар Хамза, ал, 90 келіде тағы бір шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров жеңімпаз атанды. 100 келі салмақ дәрежесінде шымкенттік Марат Байкамұров топ жарды. Жеңіл салмақтарда жамбылдық Аслан Сазанбай, қарағандылық  Нұржан Тілеухор және тағы бір қарағандылық Еламан Қуанбай барлық қарсыласын ұтты. Айта кетейік, жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан және Қазақстаннан 30-ға жуық палуан қатысқан еді.
ЕЛОРДАДА ТАРИХИ ТУРНИР ОЗДЫРЫЛДЫ
Бас қала алғаш рет жеңіл атлетикадан халықаралық жарысты қабылдады. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мелмекеттерден 150-ден аса спортшы жиналды. Олар 2 күн бойы 16 бағытта өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде жүгіру жарыстарынан бөлек ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру және үш қарғып секіру сияқты жеңіл атлетиканың техникалық түрлері бар. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 52 медель жеңіп ап, жалпы есепте көш бастады. Екінші орында Өзбекстан құрамасы. Олар 16 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Одан кейін 9 медальмен Тәжікстан құрамасы тұр. Айта кету керек, бұл айтулы аламандар алдындағы тесттік бәсеке. Өйткені дәл осы жерде 2022 жылы Азия, ал 2024 жылы әлем чемпионаты өтеді.
АЛИНА ДАУРАНОВА ӘЛЕМ КУБОГОНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Жерлесіміз Германияда өтіп жатқан коньки тебуден әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті. Айта кету керек, қазақстандық конькиші екі мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Жасөспірімдер арасынадағы әлемдік аламан Германияда өтіп жатыр. Алина Дауранова алғашқы күндері 1000 метрде керемет өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Артынша 1500 метрлік бәсекеде үздік үштікті түйіндеді. Алдыңғы орындарға Нидерландының қос спортшысы орналасты.
https://24.kz

29 қараша 2021 ж. 734 0