Қамшыбек Қоңқабаев Уордты жеңгеннен кейін WBA рейтингінде бірнеше саты жоғарылады

2021 жылдың желтоқсанында Қоңқабаев британдық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңіп, аса ауыр салмақтағы WBA Gold титулына ие болды.
Осыдан кейін қазақстандық WBA рейтингінде 9-шы орыннан 4-ші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта рейтингтің үш көшбасшысы – Юниэл Дортикос (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) бар.
Еске салайық, Қоңкабаев кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, төрт рет жеңіске жетті.
kyzylorda-news.kz