Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 12 орынға көтерілді

16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. 13-орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озған.
11-орынға 2968 ұпай жинаған ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен үздік ондықты түйіндеп тұр.
Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12-орынға дейін көтерілмеген.
Қазақстан намысын қорғайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева да рейтингте бір саты жоғарылады. Қазір Путинцева 1400 ұпаймен 42-орында. Сонымен қатар, төрт саты жоғарылаған Зарина Дияс 732 баллмен 104-орынға шыққан.