Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізе ме?
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Қазақстанды қоса алғанда, түрлі елдерде жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-кетсілтеме жасап.
Геннадий Головкин британдық Sky Sports басылымына берген сұхбатында Ұлыбританиядағы жекпе-жегін еске алды, 2016 жылы Лондонда GGG жергілікті бұрынғы әлем чемпионы Келл Брукты нокаутқа жіберді.
Головкин, егер оған лайықты ұсыныс түссе, Тұманды Альбионға қуана-қуана оралатынын атап өтті.
«Менің Ұлыбританияға келуім есімде. Маған бұл жекпе-жек өте ұнады, керемет болды. Бұл қызықты дуэль болды. Мен өзімді белгілі бір елмен шектемеймін. Мұның бәрі көптеген факторларға байланысты. Мен АҚШ-та немесе менің туған Қазақстанымда ұрыс үшін ұсынылған шарттар Ұлыбританиядан келген ұсыныстардан еш кем түспейтініне сенімдімін», деді боксшы.
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы WBA Super титулының иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болады деп күтілуде. Жекпе-жек Жапонияда осы көктемге жоспарланған, бірақ нақты күні әлі белгісіз.