Головкин мен Муратаның рингке шығатын уақыты белгілі болды

Бокс кешінің негізгі карды Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.30-да басталады деп жоспарланған. Ал кештің басты жекпе-жегі шамамен 17.30-да өтпек. Әлбетте бұл уақыт андеркардтағы кездесулердің уақытымен тығыз байланысты. Қысқасы екі мықты арасындағы шайқас 17.30-18.30 аралығында басталуы бек мүмкін. Бокс кешін қазақстандық телеарналардың бірі тікелей эфирден көрсетеді деп күтілуде. Алайда қай телеарна екені әзірге беймәлім.