Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық балуандар алтын жеңіп алды

Қазалылық балуандар алтын жеңіп алды

Қызылорда қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Облыс орталығындағы «Мұз айдыны» спорт кешеніндегі байрақты бәсекеге еліміздің әр түкпірінен келген 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі балуандар қатысуда.
Бозкілем бәсекесінде қазыналы Қазалы ауданының балуандары да қатысып, бақ сынауда. Әзірге жерлестеріміздің аяқ алысы жаман емес. Жерлестеріміз жаттықтырушылардың үкілеген үміттерін ақтап, туған жердің абыройын асқақтатуда.
Мәселен Бақытбек Мәмбетжан басшылық жасайтын N17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтың мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің балуандары Шыңғысхан Әбдіхалымов пен Қуаныш Аманкелді грек рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында топ жарды.
Жас балуандардың 45 және 110 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атануына жаттықтырушылар Әмірбек Айнадинов пен Мейірман Әлизақ сіңірген еңбектері зор.

kyzylorda-news.kz
15 сәуір 2022 ж. 983 0