Қазақстандық қақпашы Роналду ойнаған клубтың назарына ілікті

16 жастағы Пузановтың айтуынша, Фуншал қаласының клубының көзіне U-17 Еуропа чемпионатының іріктеу жарысында түскен екен. Қазақстандық 5-10 қараша аралығында португал қаласына барып, ойынын көрсетеді.
Бұл клубтың танымал ойыншыларының бірі – Кришитиану Роналду. Ол 1995 жылы осы клубта спорттық мансабын бастаған.
Константин Пузанов соңғы екі жылда Беларусьте ойнап, жаттығып жүр. Спортшы Қарағандыда дүниеге келген, әуелі "Шахтер" клубында футбол ойнап бастапты.