Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан барысы» жеңімпазына екі бөлмелі пәтер берілді

«Қазақстан барысы» жеңімпазына екі бөлмелі пәтер берілді

«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы, қызылордалық Мақсат Исағабыловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болды.

«Алдағы уақытта «Алтын белбеу» мен «Алтын тайтұяқты» Сыр өңіріне тағы да 2-3 мәрте әкелсем деген мақсатым бар. Сондай-ақ, «Әлем барысы» атануға үміттенемін. Туған топырақтың абыройын асқақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», деді Мақсат Исағабылов.
12 шілде 2022 ж. 2 495 0