Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін айтты

Vesti.kz сайтының жазуынша, бұл туралы GGG америкалық журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 40 жасқа келген боксшы өз елінде бір жекпе-жек өткізіп, одан кейін қолғабын шегеге ілмек екен.
Головкин Қазақстанда тек 2010 жылы бір рет қана жұдырықтасқан болатын. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде ол колумбиялық Нильсон Тапияны үшінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.
baq.kz