Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге қолдау көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокстан екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен күрескен Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.

«Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!», деді Президент.
18 қыркүйек 2022 ж. 413 0