Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин WBC рейтингінде бірінші орынға шықты

Головкин WBC рейтингінде бірінші орынға шықты

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBC) рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBC әртүрлі салмақ санаттарындағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ал ол тізімде қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин көш бастап тұр.
Осылайша, бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз бөлімінің рейтингінде орын сақтап, бірінші орында қалды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен шайқаста жеңіліске ұшырап, әлем чемпионы атағынан айырылды. Дегенмен, GGG-ның жеңілісі жанкүйерлердің оған деген сүйіспеншілігіне еш әсер еткен жоқ, қазақстандықтар бұрынғыша Головкинге қолдау көрсетуде. Ал кәсіптік мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан Головкин жақында өз отанына оралды. Сондай-ақ, чемпион отандастарымен кездесу кезінде қазақстандық жас спортшылардың дамуына көмектесіп, қолдау көрсететінн айтты.
11 қазан 2018 ж. 1 225 0