Головкин Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізеді: қарсыласы мен күні белгілі болды

Журналист кіші Вилсон Балдини Twitter-де тараптар жекпе-жекке келіскенін жазды.
"Геннадий Головкин Фалькао Эскивімен жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионы командасы @DAZNBoxing-мен хабар тарату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек наурызда өтуі керек", - деп жазды Балдини.
Айта кетейік, бұған дейін Головкин келесі жекпе-жекте тек Фалькаомен емес, сонымен қатар, WBA-ның орта салмақтағы тұрақты чемпионы атағын иеленген тағы бір танымал кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуі мүмкін екені белгілі болған еді.
massaget.kz