Головкиннің Шереметадан кейінгі қарсыласы аталды

Журналистің пікірінше, Головкин Шереметадан кейін 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері бразилиялық боксшы Эскива Фалькаомен (27-0, 19 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Ол GGG-ді бірнеше рет сынап көріп, жекпе-жекке шақырды, алайда Фалькаода кәсіби рингте мақтанарлық ештеңе жоқ. Ол бес жыл бойы өнер көрсетіп жүргенімен, титулдық жекпе-жек өткізбеген. Еске сала кетейік, Головкин – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.