Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.Лусаил қаласындағы стадионда өткен ойын қосымша уақыттарды қоса алған кезде 3:3 есебімен аяқталды. Ал жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Әр мүмкіндігін мүлт жібермеген Аргентина футболшылары Франциядан басым түсті.
Фото: kazaknews.kz






		
		



