Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЧ: Франция құрамасы финалға өтті

ӘЧ: Франция құрамасы финалға өтті

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Марокко құрамалары кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойын 2:0 есебімен еуропалық команданың пайдасына аяқталды.

Бірінші голды 5-минутта Тео Эрнандес соқты. 79-минутта Рандал Коло Муани матчтың нүктесін қойды.

Айта кетейік, осы нәтиженің арқасында Франция әлем чемпионатының финалына шықты. Енді Франция 20 желтоқсан күні Аргентина құрамасымен кездеседі.

Ал Марокко 19 желтоқсан күні әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Хорватиямен ойнайды.
15 желтоқсан 2022 ж. 1 852 0