Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты

Головкин әлем чемпионы атағынан бас тартты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) IBF нұсқасы бойынша чемпион титулынан бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бразилиялық журналист Кіші Уилсон Балдини мәлімдеді.

"GGG IBFтитулынан бас тартты. Бұл қалай, Фалькао?"- деп жазады Уилсон әлеуметтік желілерде.

Бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) IBF (Халықаралық бокс федерациясы) желісі бойынша Головкиннің титулына үміткер болған. Бұл ретте IBF-тен әлі ресми мәлімдемелер болған жоқ. Егер Головкин шынымен де титулды тастап кетсе, онда Фалькао басқа боксшымен бақ сынасуға тура келеді.
08 ақпан 2023 ж. 1 176 0