Жастар әлем чемпионатына жолдама алды

Иә, осындай жағымды жаңалықтардың бірі жуырда ғана құлағымызға шалынды. Түркістанда өткен жастар арасындағы ҚР чемпионатында әмбебап жекпе-жектен 4 бірдей балғын спортшымыз жүлделі қайтты. Нақтырақ айтар болсақ 55 кг салмақ дәрежесінде Нұралы Кемалов ІІ орын, 70 кг салмақ дәрежесінде Сырым Совет ІІІ орын, 80 кг салмақта Ельдар Қаниев ІІ орын жеңіп алса, 60 кг-да өнер көрсеткен Дінислам Болатбекұлы ел чемпионы атанып, «спорт шебері» атағына қол жеткізді.
Тағы бір айта кетерлігі Н.Кемалов пен Д.Болатбекұлы Грузиядағы әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігін иеленді.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін де Қостанай қаласындағы жастар арасындағы ел біріншілігінде панкратионнан чемпион атанған Ернұр Әбжәмиев те Ташкенттегі әлем чемпионатында бақ сынасатын болады.
Мақсаты айқын, жетістікке жетудің жолын білетін жергілікті жас спортшыларға алдағы уақытта да сүйінші хабар жеткізеді деп сенеміз.
О. ЖОЛДАСОВ