Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіс тұғырында – Аралдықтар

Жеңіс тұғырында – Аралдықтар

Үстіміздегі жылдың 6-10 сәуір күндері аралығында Байқоңыр қаласында өткен унифайттан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында аралдық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.
Еліміздің әр аймағынан кіл мықтылар бақ сынасқан сайыста облыс намысын аралдық 19 спортшы қорғап, үздік нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, унифайттың классика бағдарламасы бойынша Ғалымжанұлы Диас, Өтебай Мансұр, Серікбай Бақытжан, Әбжамиев Ернұр, Сәдіров Ерасыл жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, Кеңесбаев Ерасыл, Марат Мұхаммедәли ІІ орынды, Хамитов Темиржан ІІІ орынды иеленді.
Ал лайт бағдарламасы бойынша Қуандықов Мирас, Мұхтарұлы Жансүйен, Исабаев Сұлтанбек І орынды жеңіп алса, Серікбай Бақытжан, Хамитов Темирлан, Сәдіров Ерасыл ІІ орынға , Ғалымұлы Қуандық, Марат Мұхаммедәли ІІІ орынға ие болды. Ел чемпионатының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының құрама командасы жалпы командалық есепте жарыстың классика бағдарламасы бойынша І орын, лайт бағдарламасы бойынша ІІІ орынды иеленді.
Ауданымыздың мерейін үстем еткен спортшылардың жаттықтырушысы – әмбебап жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Фараби Сауытбаев.
Спортшыларды жеңстерімен құттықтаймыз!
"Толқын" ақпарат
14 сәуір 2023 ж. 609 0