Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер мен ауылдық спорт мектептері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Жасөспірімдер мен ауылдық спорт мектептері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Кеше Арал қаласындағы Орталық стадионда футболдан жасөспірімдер мен ауылдық спорт мектептері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Турнирдің ашылу салатанатына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып:
– Өздеріңіз білетіндей, футбол – әлемде кең таралған спорт түрі. Сондықтан да жастардың қызығушылығы өте жоғары. Бүгін, міне, жасөсіпірімдер арасында ел чемпионаты басталуда. Осындай жарыстардан тәжірибе жинап, шеберліктерін шыңдаған командалардың дүбірлі додаларда топ жарып, ел намысын қорғайтын дәрежеге жетуіне тілектеспін, – деп қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Ауданда бастау алған жасөспірімдер мен ауылдық спорт мектептері арасындағы чемпионатта Қызылорда облысына қарасты аудандардан бөлек Түркістан, Ақтөбе облыстарының командалары қатысуда.
06 мамыр 2023 ж. 556 0