Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?

Елена Рыбакина Уимблдондағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?

Елена Рыбакина 2023 жылғы Уимблдондағы үш жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sports.kz мәліметінше, үш матч бойында америкалық Шелби Роджерс, француз Ализе Корне мен британдық Кэти Бултерді жеңген Елена 240 120 евро алып, сондай-ақ 240 рейтинг ұпайына ие болып үлгерді.

Бұған дейін жекелей сында Рыбакина 1/8 финалға өтіп, бүгін Кэти Бултерді жеңген еді. Елена Рыбкинаның келесі қарсыласы бразилиялық теннисші Беатрис Аддад Майя болады.
09 шілде 2023 ж. 372 0