Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы ұлттық құрамаға қолдау білдірді

Мемлекет басшысы ұлттық құрамаға қолдау білдірді

Сөзімізді спорттағы жағымды жаңалықпен бастайық. Әлем халқы алаңдап отыратын бірінші нөмірлі спорт түріне баланған футболдан соңғы уақытта ұлттық құраманың да беделі артқанын жақсы білеміз. Дәл осы аладопшыларымыз футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде сенсация жасап, айды аспанға шығарудан шаршайтын емес. Алғашқы 4 кездесудің үшеуінде қарсыласынан басым түскен Магомед Адиев жаттықтыратын біздің құрама 7 қыркүйек күні өз алаңында Финляндия құрамасына есе жіберіп қойса, жексенбі барша қазақ жұртын желпінтіп тастады.
Оған себеп көп. Төрт жылда бір өтетін ауқымды турнир құрлық біріншілігінің плей-оф кезеңінен әлі де болса үмітті біздің командамыз Солтүстік Ирландиямен өткен алғашқы кездесудегі жеңісінен кейін тағы да тізе бүктіретіндеріне сенімділігі басым болса, екіншіден "Астана арена" алаңында жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болда. Ал ең бастысы жанкүйерлер қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдау білдіруі еді.
Иә, Мемлекет басшысынан бөлек жасыл алаңдағы ойыңды жақыннан тамашалағандардың арасында елдің атын әлемге танытып, жаһан жұртшылығының сүйіктісіне айналған Геннадий Головкин, одан басқа да қазақ спортының дамуына үлес қосқан ардагер ойыншыларды да көзіміз шалып қалып жатты.
Жоғарыда айтқанымыздай, Финляндия құрамасына қарсы кездесуден кейін өз ойындарына көңілі толмаған қазақстандықтар ел Президентінің, барша жанкүйерлердің қолдауынан кейін ес жинап, өте сәтті басталды. Солтүстік Ирландия ойыншылары кездесудің 27 минутында қазақстандық ойыншылардың қарқынына төтеп бере алмай, өз қақпаларына гол соқтырып алды. Бұл осы кештегі жалғыз доп болып қалды. Оның авторы шабуылшы Максим Самородов. Ойын одан әрі тең деңгейде жалғасқанымен, екі елдің құрамасы қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады.
Ұлттық құрама бұл жеңістен кейін 12 қоржынға 12 ұпай жинап, алдағы төрт кездесуде де осы көрсеткішті арттыруды жоспарлап отыр.
Ойыннан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты. Президенттің Instagram парақшасында “Ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның үздік командасына қарсы ойынын тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын” деген Қ.Тоқаев, "Астана жастары" мен басқа да ұйым еріктілеріне алғыс білдіріп, “Еріктілер ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты. Футболшыларымыз бен жастарымызды мақтан тұтамын” деп жазба жариялады.
"Толқын" ақпарат
12 қыркүйек 2023 ж. 554 0