Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 8 саты жоғарылады

Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама маусым айында екі ойын өткізді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қазақ футболшылары сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларын ұтты.
Жаңарған рейтингте үздік үштікте өзгеріс жоқ. Аргентина құрамасы көш бастап тұрса, екінші орында – Франция. Бразилия құрамасы үштіктегі орнын сақтап қалған.
massaget.kz