Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда Азия ойындарының алау эстафетасы басталды

Қытайда Азия ойындарының алау эстафетасы басталды

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарының алау эстафетасы 14 қыркүйекте өз шеруін бастағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Салмағы бір келіден асатын «Мәңгілік алау» Ханчжоу өзенінің батысынан шығып, Чжэцзян аумағындағы Хучжоу, Цзясин, Шаосин, Нинбо, Чжоушань, Тайчжоу, Вэньчжоу, Лишуй, Цзиньхуа, Цюйчжоу секілді 11 ірі қаланы аралап, ойындар өтетін жерге 20 қыркүйекте оралады. Осы аралықта оны Азия Олимпиада кеңесіне кіретін 45 Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері ұстап, 50 метрге дейін жүгіріп өтуі керек.

Ал 23 қыркүйек күні өтетін салтанатты ашылу рәсімінде 6 атлет алауды жағуға көмектеседі.

4 975 ресми өкіл және 45 Ұлттық Олимпиада комитетінен келген 12 417 спортшы қатысатын Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.
15 қыркүйек 2023 ж. 550 0