Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады

Бүгін Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады

Бүгін Қытайда Азия ойындарының алғашқы жарыс күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Волейболдан ерлер құрамасы А тобындағы іріктеу кезеңінде бірінші ойынын өткізеді. Сонымен бірге Қазақстан спортшылары жағажайдағы волейболдан да бақ сынайды.

Таңғы сағат 8:30-да Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездеседі. Ал 14:00-де жағажайдағы волейболдан әйелдер құрамасы Индонезияға, 19:00-де Шри-Ланка командасына қарсы ойнайды. Ерлер құрамасы 7:00-де Тимор-Лесте спортшыларымен өзара мықтыны анықтайды.

Іріктеу сайыстары Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
19 қыркүйек 2023 ж. 514 0