Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды

Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды

Танымал қазақстандық ауыратлет Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, тізесіндегі мениск (тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек – еск.) жыртылып кеткен.

«Достар, тілектеріңізге көп рақмет! Сіздердің жылы сөздеріңіз қаншалық жағымды және керемет көмектеседі!Біз ертең үйге барамыз!» – деп жазды ол парақшасында.

Еске салайық, Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленген еді. Оның қалыңдығы – астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко.

syrboyi.kz

Фото: jambylinfo.kz
19 желтоқсан 2023 ж. 2 835 0