Аралдық боксшы қыз ел чемпионатының жеңімпазы атанды

Аталған чемпионатта 35 кг салмақ дәрежесі бойынша №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебінің спортшысы Оразбекқызы Дана жарыс жеңімпазы болды.
Осылайша әйелдер боксынан Арал ауданынан шыққан тұңғыш чемпион атанды. Оразбекқызы Дана Арал қаласындағы №83 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы. Бокс спортымен 2020 жылдан бастап шұғылданады. Бапкері - №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің бокс бөлімшесінің жаттықтырушысы Мыңжасаров Мақсат.
"Толқын" ақпарат