"Канело" Альварес орта салмақтағы ең мықты екі боксшыны атады

"Канелоның" ойынша, мұндай атаққа оның өзі мен келесі қарсыласы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) лайықты.
"Шындық біздің орта салмақтағы ең мықты боксшы екенімізде. Джейкобс - әлем чемпионы, тамаша боксшы. Мақсатым - мықтылармен жұдырықтасу. Дэниэл - бойынан мін табу қиын, салмақты қарсылас. Бапкерім Эдди Рейносо мұндай боксшыға қарсы не істеу керегін біледі, менің міндетім - тыңдау және орындау. Егер импрвизация қажет болса, істеймін", - дейді Альварес.
Альварес пен Джейкобс арасындағы белбеулер біріктірілетін жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вагастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да белбеулерін алғаш рет қорғайды.