Қайратың қайда, қазақ боксы?

Ел құрамасынан әзірге Сәкен Бибосынов (51 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі), Айбек Оралбай (92 келі) алғашқы жекпе-жегінде жақсы ойын көрсетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Қысқасы, ел құрамасы сапында жеті салмақта барған боксшылардың қазірге дейін үшеуі елге қайтуға мәжбүр. Қалған былғары қолғап шеберлері де жарыстың алғашқы сатысында жүр. Ал финалға дейін кім жетеді? Әзірге бұл белгісіз.
Париж Олимпиадасында Сәкен Бибосынов (Токио ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы) бірінші кездесуінде түрік Самет Күмүшті (Еуропа чемпионы) жеңіп, келесі кезеңге шықты. Аса тартысты өткен айқаста Бибосынов мығым соққылары мен қорғанысын жақсы ұштастыра білді. Енді жерлесіміз өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен (Рио олимпиадасының чемпионы) қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Дүбірлі дода 11 тамызда мәресіне жетеді.
Әділжан ҮМБЕТ,
«Сыр бойы»