Тоғызқұмалақтан облыстық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті
![](/uploads/posts/2025-01/1736165971_7.jpg)
Аталмыш шараға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, Қызылорда облысының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының президенті, «Тоғызқұмалақ қайраткері» Әбдіқадыр Ергешбаев және жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.
Жиын барасында басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі тоғызқұмалақ ойынының көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, Жігер Оңдасынұлы былтыр өткен чемпионаттарда Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындаған спортшыларға арнайы куәлік тапсырды.
Куәлік алған ойыншылар қатарында: Нұрай Ғаниқызы, Әсем Дәуренбекқызы, Ерасыл Пернебаев, Кенжебек Ырыскелді, Ақылбек Нұржан бар.
Тоғызқұмалақтан ересек мен жастар арасындағы Қызылорда облысының чемпионатына қала және барлық ауданнан 120-дан астам ойыншы қатысуда. Жарыс классика, рапид және блиц түрі бойынша өтеді.
Сурет: www.instagram.com