Облыс біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Жарыстың басынан-ақ сенімді ойын үлгісін көрсеткен Жаңақорған ауданының командасы бас жүлдені иеленіп, біріншілік жеңімпазы атанды. Арал ауданының ұстаздары жүлделі екінші орынға ие болса, Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының құрамалары үздік үштікті қорытындылады.
Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіліп, біріншілік өз деңгейінде аяқталды.
"Толқын" ақпарат