Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні жекпе-жек өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіби бокс кеші Астанадағы Барыс аренада өтеді. Отандасымыз қазір өзіне тиесілі белбеулерді франциялық Анауэль Нгамиссенгуге қарсы қорғайды. Жәнібек Әлімханұлы - Анауэль Нгамиссенгу жекпе-жегін «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Осы бокс кешінде Сұлтан Зауырбек- Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев - Кейн Гарднер, Балауса Мұздиман мен Розалинда Родригес, Баходир Жалолов - Игорь Шевадзуцкий жұдырықтасады.

Сонымен қатар ағайынды Сабырхандар да осы кеште бақ сынайды.

Фото: egemen.kz
27 наурыз 2025 ж. 179 0