Фируза Шарипова жаңа салмақта ресейлік қарсыласын жеңіп кетті (видео)

Жекпе-жек 20 сәуір күні Мәскеудегі Флойд Мейвезердің бокс академиясында өткен. Шарипова 63,5 келі дейінгі салмақта сынға түскен.
Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы кздесудің алғашқы секундтарынан-ақ басымдық танытқан.
Шарипованың қарсыласы лайықты өнер көрсеткен алайда чемпионның ырғағына ілесе алмаған. Сондай-ақ, Анастасия Тришева техникалық жағынан да осал болған.
Үшінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық аруға берді.
Фируза Шарипова өз жеңісін Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады. Ол рингке Елбасы бейнеленген футболканы киіп шыққан.
Жеңімпаз жарияланғаннан кейін рингке реваншқа дайын екенін мәлімдеген Шарипованың бұрынғы қарсыласы Юлия Куценко шықты.
Отандасымыз ресейлік қарсыласымен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізіп, жекпе-жекке келісімін берді.
kaz.nur.kz