Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 50 жастағы алматылық әйел марафонда 10 шақырым жүгірді

50 жастағы алматылық әйел марафонда 10 шақырым жүгірді

Алматыда ауыр операцияны басынан өткізген 50 жастағы әйел марафонда 10 шақырым жүгірді. 50 жастағы Роза Байсейітова осыдан біраз уақыт ота жасатып, тоқпан жіліктің жамбасқа кіретін ұршығы ауыстырылған. Ұршық буыны - адам денесінің ең үлкен буындары. Ол адамның денесі мен аяғын ұштастырады. Демек, ұршық буынына жүгіруден көп күш түсетіні анық. Мәре сызығына жеткен Роза Байсейітова өзінің дәрігерлеріне алғыс білдірді. «Мен өмірімде бірінші рет 10 шақырым қашықтыққа жүгірдім. Ұршық буынымды осыдан бірнеше жыл бұрын ауыстырған болатынмын. Мен үшін бұл көрсеткіш зор жетістік. Өзімнің дәрігерлерім  Арнат Рамазанұлы, Ерлан, Қанат мырзаларға алғысымды білдіремін», - деді Роза Байсейітова. Айта кету керек, 21 сәуірде Алматы марафон - 2019 қайырымдылық шарасы өткен болатын. Оған Орта Азия елдерінен де жүйріктер қатысты. Барлығы 17 мың адам Алматы көшелерімен түрлі қашықтыққа жүгіріп өтті.
https://www.inform.kz
22 сәуір 2019 ж. 989 0