
Адам денсаулығын нығайтатын – күш-жігерін арттыратын және рухани дамуына ықпал ететін маңызды саланың бірі – спорт. Қазақстандық спортшылар да әлемдік аренада үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Бұл дегеніміз – еліміздегі спорттың дамып келе жатқанын көрсететіні анық. Әрбір спорт түрінің өзіндік ерекшелігі бар. Солардың ішінде адам өімірінің ажырамас бөлігіне айналған спорттың бір түрі – дзюдо.Дзюдо спорты Жапонияда пайда болған шығыс жекпе-жек өнері. Оның 1882 жылы Кано Дзигоро есімді азамат негізін қалаған екен. "Дзюдо" сөзі жапон тілінен аударғанда "жұмсақтық жолы"дегенді білдіреді. Бұл спорт түрі тек ғана күшке емес, қарсыластың қимылын дұрыс пайдалана білуге негізделген. Аталмыш спорт түрінде қарсыласқа зиян келтірмей, оның энергиясын өз пайдасына жарату. Мұнда құлату, ұстап қалу, буынға және қылқындыру әдістері арқылы жекпе-жекке түседі. Бұл спорттың пайдасы дене дайындығы бойынша, ептілікті, күшті, төзімділікті арттырады. Ал психологиялық әсері бойынша, өзін-өзі бақылауға, сабырға, тәртіпке үйретеді. Сонымен бірге бұл спортпен айналысатын спортшылар татами үстінде күреседі. Олар арнайы "дзюдоги" киімін киеді.
Дзюдо бүгінде бүкіл әлемде дамыған Олимпиадалық спорт түрі. Қазақстандық спортшылар да халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп жүр. Ел намысын қорғаған дзюдошылар Азия чемпионаттарында, Әлем біріншіліктерінде және Олимпиада ойындарында жүлделі орындар алып келеді.
Дзюдо – тек спорт емес, ол өмірлік философия, өзін-өзі тәрбиелеу жолы. Бұл спорт түрі адамды дене жағынан шынықтырып ғана қоймай, рухани дамуына ықпал етеді.
Гульнара ДОСЖАНОВА