Құм қойнауындағы бұла күш

Бүгінгі күні спорттың сан мыңдаған түрлері жетерлік. Соның бірі – Гір көтеру спорты халық арасында кең тараған спорттың бір түрі. Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақ және Қажымұқан аталарымыздың өзі осы спорт түрінен өнер көрсеткен. Сонымен бірге бұл спортпен айналысушы адам шойыннан құйылған гірді бір қолмен көтереді. Гірлер 16,24,32 кг-дық салмақтарға бөлінеді.
2022 жылдың 05-06 ақпан аралығында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында Гір спортынан ұзын циклды серпе көтеруден облыстық жарыста Арал ауданы, Аққұм округі 57 Елеу Көшербаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Борамбаев Жасұлан 68 кг салмақ дәрежесінде 1-ші орын иеленсе, 10 сынып оқушысы Амангелдиев Нұрсұлтан 78 кг салмақ дәрежесінде 1-ші орынмен Аудан абройын қорғады. Айта кетейік, спорт үйірме жетекшісі: дене тәрбиесінің мұғалімі Өнерпазов Самат.
Аудан абыройын асқақтатып жүрген спортшы жігіттерге алғысымыз шексіз! Көпке үлгі болып, еліміздің спорт саласын дамыта беріңдер!
А. НҰРЛАНОВА