Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтардың 22 мыңнан астамы спортпен шұғылданады

Аралдықтардың 22 мыңнан астамы спортпен шұғылданады

 tolqyn.kz Ауданда 86 денешынықтыру ұжымы бар. Оларда 22 166 адам дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданады. 234 спорт обьектісі тіркелген. Спорт саласында 262 маман жұмыс атқарадын. Осы және өзге де спорт саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар жөнінде аудандық спорт бөлімінің бастығы Толыбай Әлжанов айтып берді.
– Спорт саласы жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бер түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ең басты жаңалық 4 спортшымыз Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды. Оның екеуі гір көтеруден, екеуі әмбибап спорт түрінен. Тәуелсіздік алғалы бері ауданда мұндай дәрежеге жеткенспортшылар болмаған еді. Биылғы жыл осынысымен ерекше болып отыр,  – деді ол.
Сондай-ақ аудан спортшылары жаттығу орындарымен де толық қамтылған деп айтуға болады.
– Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ биылғы жылы 234 спорт обьектісі тіркелген. Оның 2 спорттық кешен, 1 стодион, 53 спорт алаңы, 14 бейімделген спорт бөлмелері. 4 ату тирелері, 163 жазықтағы спорт алаңдары бар. Бұлардың бәрінде спортшыларға жаттығу жасау үшін бар жағдай жасалған. Арнайы тринер мамандар жұмыс жасайды. Түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Жасыратыны жоқ кейбір спорт залы жоқ мектептер де бар, – деді бөлім басшысы.
24 қазан 2019 ж. 2 083 0