Спорт – бақытқа бастар жол

Жастарымызға дене тәрбиесіне көңіл бөлуін ескерте отыра, Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты дене шынықтыру және АӘД апталығы өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтар мен ұлттық ойындарымыз, футбол және тоғызқұмалақ ойындары қарастырылды. Қазіргі карантиндік жағдайға байланысты ауданымыздағы дене шынықтыру мұғалімдерімізге онлайн-вебинарлар өтті. Онлайн-вебинарда біз дене шынықтыру пәнінен теориялық әдістемелік нұсқауларды түсіндіру және мектеп оқушыларымен қашықтықтан жүргізілетін ұлттық ойын түрлерімен қатар, басқа да спорт үйірмелері қашықтықтан жүргізген болатынбыз.
Иә, жастардың дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Онымен күн сайын тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болмақ. Сол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды бірінші қазынамыз ретінде қолға алайық. Денсаулығымыз болмаса, біз де ешбір дүниеге жарамай қалатынымыз белгілі. Сондықтан да денсаулығымыз болашағымызға байланысты екенін ескере отырып, күнделікті қозғалыс үстінде, дене жаттығуларын жасап жүрейік.
Зәуреш ОРЕКЕШОВА,
№62 мектеп-лицейінің мұғалімі