Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалы өтеді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігіБір кездесудің нәтижесімен жеңімпаз командалар жартылай финалға жолдама алады.
Ойындар кестесі
13 мамыр
- 19:00. «Ақтөбе» – «Алтай»
- 19:00. «Жеңіс» – «Қызылжар»
- 20:00. «Ордабасы» – «Жетісу»
- 20:00. «Қайсар» – «Тобыл».
Жартылай финалда «Ордабасы» – «Жетісу», «Ақтөбе» – «Алтай» жұбының жеңімпаздары өзара финал жолдамасын сарапқа салса, «Қайсар» – «Тобыл», «Жеңіс» – «Қызылжар» жұбының жеңімпаздары дәл сондай мүмкіндікке ие болады.
Биыл Қазақстан кубогында Димитар Митков («Ордабасы»), Азамат Тұяқбаев («Қайрат») 3 голмен көш басында келеді.
Қазақстан кубогында басты фаворит ретінде белгіленген «Астана», «Қайрат» (Алматы), «Елімай» (Семей) командалары жарыс жолын 1/8 финалда аяқтады. Ендігі кезекте оған «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» командаларының мүмкіндігі артып тұр.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
syrboyi.kz









